СҰЛУЛЫҚ
ARTISTRY
9
ҚАЙТА БАҒДАРЛАМАЛАУ: LIFESIRT ӨСІМДІК СІРІНДІСІ
ARTISTRY ғалымдары Жерорта теңізінен аңыз бойынша адамдардың өмірін ұзартатын мирт
өсімдігін тапты. Зертханадағы зерттеулер нәтижесінде өсімдіктен LifeSirt сіріндісі алынды.
Зерттеулер бұл экстакт адам терісінің жасушаларында сиртуин мөлшерін немесе «жасару
протеинін» көбейтетінін дәлелдеді. Бұл ингредиент табиғи жасару протеинінің синтезделуін
ұлғайтып, теріні нығайтады және оның өмірлік циклін ұзартады, нәтижесінде тері ұзақ уақыт
сыртқы көрінісін жас күйде сақтайды.
ҚОРҒАНЫС: АФРИКАЛЫҚ БАОБАБ ЖЕМІСІНІҢ СІРІНДІСІ
Африкалық баобаб жемісінің сіріндісі мен NUTRILITE™ органикалық фермаларында өсірілетін басқада
ингредиенттердегі нәрлі заттар мен антиоксиданттардың арқасында тері өзінің айқын түсі мен табиғи жарқын
көрінісіне ие болады. “Өмір ағашы” деген атпен белгілі африкалық баобаб ағашы табиғи ылғалдандырғыш
компоненттерге, сондай-ақ, терінің жарқыраған түсін сақтайтын A, E және F дәрумендеріне бай.
* Зертхана жағдайларындағы анализге негізделген.
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ: ПЕПТИД MICRO-X6
Коллаген белсенділігіне жағдай жасай отырып, теріні қалпына келтіру мүмкіндігіне ие Micro-X6 пептидінің арқасында мимикалық
және жас әжімдерінің пайда болуы айтарлықтай азаяды*. ARTISTRY ғалымдары пептидтер коллаген белсенділігі туралы тиімді
белгі беретінін және әжімдердің пайда болуын азайтатынын біледі, бірақ одан да тиімдірек әдіс табу керек болды. Нәтижесінде
мимикалық және жас әжімдерінің* санын азайтатын коллаген белсенділігіне жағдай жасайтын алты аминқышқылынан тұратын
эксклюзивті зат Micro-X6 пептиді жасалды. Amway компаниясының зерттеулері бойынша Micro-X6 пептиді өзінің сонша кішкене
өлшемінің себебінен микропептид деп аталады, соның арқасында оның әсері аса тиімді.