AMWAY КЕПІЛДІКТЕРІ
Біз AMWAY™ өнімінің өндірісін мұқият қадағалаймыз, сол
себепті олардың сапасына толық қанағаттанатыныңызға
кепілдік береміз.
Amway кепілдіктері
Біз Аmway өнімдерінің сапасын жоғары деңгейде
сақтауға тырысамыз және оны қолдану Сіздің
көңіліңізден шығатынына кепілдік береміз. Егер сізді
және клиенттеріңізді өнім (тауар) қанағаттандырмаса
ақшаңызды қайтарып береміз немесе «Amway»
ЖШҚ компаниясына хабарласқан кезде бар болса,
сапасы төмен тауарды сапалы ұқсас/бірдей тауармен
ауыстырып береміз.
Сондай-ақ, АТК алдымен тауар ақшасын
клиенттеріне қайтарып, олардан өнімді алуы қажет,
сосын сапасы төмен өнім құнының өтемақысы үшін
«Amway» ЖШҚ компаниясына хабарласуы қажет.
Amway кепілдіктері келесілерге қолданылмайды:
• әдейі немесе дұрыс пайдаланбау нәтижесінде
зақымдалған өнімге
• АТК тапсырыстарындағы қателер жағдайында
Amway кепілдіктері Қазақстанда қолданылады.
Amway өнімдеріне қатысты барлық кепілдік
міндеттемелері РФ заңнамасы бойынша
орнатылған кепілдіктерге қосымша болып
табылады.
Қайтару және ауыстыру ережелері
• Егер тауарды қайтару/ауыстыру өнім сапасымен
қанағаттан баған жағдайда орындалатын болса,
ақау себебіне де байланысты болса, «Amway» ЖШҚ
төленген ақшаны толық көлемде қайтаруға немесе
«Amway» ЖШҚ компаниясына хабарласқан кезде
бар болған жағдайда сапасы төмен тауарды сапалы
ұқсас/бірдей тауармен ауыстырып беруге кепілдік
береді.
• Тауарды қайтару/ауыстыруды жүзеге асыру үшін АТК
жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі қажет.
• АТК тауарды қайтару/ауыстыру – өнімді тікелей
сатып алушы немесе сенімхаттың негізінде
әрекет етіп жүрген басқа тұлғалар (АТК – жеке
тұлға мен ЖК ретінде тіркелген АТК нотариалды
куәландырылған сенімхат қажет, заңды тұлға
ретінде тіркелген АТК – басшы қол қойған және
мөрмен куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың
түпнұсқасын беру керек).
• Өнімнің ақшалай қаражаты төлем жүргізілген
әдіспен қайтарылады.
• Егер қайтару айдың 25-не дейін орындалатын
болса, ұпайларды түзету ағымдағы айда жүргізіледі,
ал егер 25-нен кейін қайтарылатын болса, келесі
айда жүргізіледі. Тауарды ауыстыруғанда ұпайлар
түзетілмейді.
• 600 ұпайға тең немесе одан асатын сомадағы өнімді
қайтару кезінде (АТК кәсіпкерлерімен жұмыс істеу
бөлімінің шешімі негізінде орындалатын) осы өнімді
сатыпалғанайдағысыйақықайтаесептеледі.Мұндай
сатып алуға негізделген барлық төленген сыйақылар,
ынталандыру төлемдері немесе сыйлықтары тиісті
түрде түзетілетін болады.
234
ҚАЙТАРУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қайтару түрлері
Әрекеттер
Сапасы төмен
тауарды қайтару/
ауыстыру
• Тауарды қайтару/ауыстыру жарамдылық мерзімінде немесе сатып алу
күнінен басталатын кепілдік мерзімі ішінде орындалады.
• Тоқыма өнімдерінің кепілдік мерзімі 90 күн болып табылады.
• АТК тілегі (қалауы) бойынша компания:
– сапасы төмен өнімді (тауарды) «Amway» ЖШҚ компаниясына хабарласқан
кезде қабылдап, тауардың толық құнын өтейді
немесе
– «Amway» ЖШҚ компаниясына хабарласқан кезде болатын болса, сапасы
төмен тауарды сапалы ұқсас/бірдей тауармен ауыстырып береді.
Тиісті сападағы
тауарды қайтару/
ауыстыру
• Өнімді (тауарды) сатып алу күнін есептемегенде 90 күн ішінде қайтаруға
болады.
• Өнім (тауар) келесі шарттарға сәйкес болуы қажет: тауар қолданылмаған,
тауарлық көрінісі, тұтыну ерекшеліктері, қорабы, қорғаныс мембраналары,
фабрикалық жапсырмалары сақталған.
• Тауардың жекелеген түрлерін сату ережелеріне сәйкес (бекітілген 1998
ж. 19 қаңтардағы РФ үкіметінің жарлығымен N 55) шұлық өнімдері, жүйелі
емес шығарылымдар (кітаптар, брошюралар, күнтізбелер, буклеттер,
шығарылымдар, техникалық ақпарат тасымалдағыштарда көшірілген), жеке
гигиена құралдары (тіс щеткалары), сондай-ақ, парфюмерлік косметикалық
өнімдер сияқты тиісті тауарлар қайтарылмайды және ауыстырылмайды.
• Сатып алған күннен бастап 90 күн ішінде тұрмыстық химияны қайтарған
жағдайда өңдеу және қайтару қызметтері үшін тауарды сатып алу кезінде
тауар құнының 20% үлесі ұсталады.
• Аксессуарларды, пластик өнімдерді және тоқыма өнімдерін қайтару сатып
алу күнінен бастап 14 күн ішінде өнімнің толық құнын қайтарумен жүзеге
асады, 14 күн өткеннен кейін өңдеу және қайтару жүзеге асыру қызметтері
үшін өнім құнының 20% үлесі ұсталады.
• iCook™ ыдысын сатып алу күнін есептемегенде 90 күн ішінде өнім құнының
толық өтеуімен қайтаруға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
NUTRILITE тағамға қосатын биологиялық белсенді
қоспалар (ББҚ) қайтарылмайды/ауыстырылмайды.
АТК келісімін
бұзған жағдайда
«Amway компа-
ниясымен сіздің
бастамаңыз»
бастапқы жиын-
тығын қайтару
• «Amway компаниясымен сіздің бастамаңыз» бастапқы жиынтығын сатып
алғаннан кейін бір жыл ішінде қайтаруға болады.
• АТК келісімінің бұзылғаны туралы АТК өтініші болуы қажет.
• «Amway компаниясымен сіздің бастамаңыз» бастапқы жиынтығы үшін
ақшалай қаражатты қайтару толық немесе жартылай мазмұнынан тәуелсіз
толық көлемде қайтарылады.
• «Amway компаниясымен сіздің бастамаңыз» бастапқы жиынтығын қайтару
кезінде (толығымен немесе жартылай) ақшалай қаражатты қайтару бағасы
ретінде «Amway компаниясымен сіздің бастамаңыз».
АТК келісімін
бұзу кезінде
тиісті сападағы
өнімді қайтару
• Келісімнің бұзылғаны туралы АТК өтініші болуы қажет.
• Тауарды сатып алу күнін есептемегенде бір жыл ішінде қайтаруға болады.
• Өнімдер (тауарлар) келесі шарттарға сәйкес болуы қажет: тауар
қолданылмаған, тауарлық көрінісі, тұтыну ерекшеліктері, қорабы, қорғаныс
мембраналары, фабрикалық жапсырмалары сақталған.
• Бұл қайтару түрі кезінде өнім құнының 20% өңдеу және қайтаруды жүзеге
асыру үшін ұсталады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
NUTRILITE тағамға қосатын биологиялық белсенді
қоспалар (ББҚ) қайтарылмайды/ауыстырылмайды.
БАҒАЛАР
Барлық жарияланатын бағалар ресейлік
рубльде көрсетіледі. Бұл Компания
ұсынған өнімге үстеме бағалар.
NUTRILITE™ өніміндегі баға ҚҚС-мен
Амвэй Тәуелсіз Кәсіпкеріне (АТК) арналған.
NUTRILITE биологиялық белсенді қоспасын
ЖЕКЕ ҚОЛДАНЫСҚА ғана алуға болады.
Қайта сатуға болмайды.